Боко Харам тағы шабуыл ұйымдастырды

Боко Харам тарапынан ұйымдастырылған шабуылда 5 адам қаза тапты.

1619497
Боко Харам тағы шабуыл ұйымдастырды

Нигерияның солтүстік шығысында террористік ұйым Боко Харам Біріккен Ұлттар Ұйымы жәрдем офисіне шабауыл жасады. Шабуылда 5 адам қаза тапты. 

Оқиғадан кейін жасалған мәлімдемеде Борно уәлаяты шекарасындағы Дамасак аймағында террористік ұйым Боко Харамның Біріккен Ұлттар Ұйымы жәрдем офисіне шабуылдар ұйымдастырылғаны білдірілді. 

Мәлімдемеде шабуылда 5 адамның ажал құшқаны баяндалды. 

БҰҰ-ның Нигериядағы гуманитарлық үйлестірушісі Эдвард Каллон жасаған мәлімдемесінде шабуылдарда 3 жәрдем офисінің нысанаға алынғанын атап өтті. 

Каллон шабуылды айыптап, 10 жылдан бергі мерзімде мемлекеттің солтүстік шығысындағы жәрдем қызметкерлері және офистердің террор ұйымдарының шабуылдарына душар болғанын мәлімдеді. 

 



Ұқсас жаңалықтар