Нигерияда Оверри түрмесінен мың 844 тұтқын қашты

Оверри түрмесінен қашқан 1 мың 844 тұтқынның 36-сы өз еркімен оралды.

1617061
Нигерияда Оверри түрмесінен мың 844 тұтқын қашты

Нигерияның Имо штатында 5 сәуір күні бір түрмеге жасалған шабуыл кезінде қашып кеткен 1 мың 844 тұтқынның 36-сы берілді.

Оверри түрмесінің баспасөз мәлімдемешісі Джеймс Мадуба қарулы адамдардың уәлаяттың бас қаласы Оверридегі түрмеге жасаған шабуылдауда қашқан басқа тұтқындарды іздестіру жұмыстарының жалғасқанын атап көрсетті.

Нигерия Ішкі істер министрі Рауф Арегбесоланың айтуынша тұтқындар берілген жағдайда қашқандары үшін жазаланбайды.

Шабуылда 1 мың 844 тұтқын қашып кетті, 35 тұтқын қашудан бас тартты, 50 көлік өртеніп, 6 қашқын өз еркімен оралды.



Ұқсас жаңалықтар