30 жастан кішілерге бұл вакцина салынбайды

Oxford-AstraZeneca вакцинасының қауіпті аурулардың алдын алуда үлкен пайдасы бар екені атап көрсетілді.

1617031
30 жастан кішілерге бұл вакцина салынбайды

Ұлыбританияда 30 жастан кіші азаматтарға қанның ұюына себеп болады деген себеппен Oxford-AstraZeneca вакцинасы салынбайды.

Дәрі және денсаулық өнімдері реттеу мекемесінің  (MHRA) хабарламасында, Oxford-AstraZeneca вакцинасының қауіпті аурулардың алдын алуда үлкен пайдасы бар екені атап көрсетілді.  Сонымен бірге 31 наурызға дейін 79 қан ұюы оқиғасы тіркелгені, осы кісілердің 19-ның қайтыс болғаны айтылды. Қанның ұюына не себеп болғаны анықталмағаны атап көрсетілді. Бұл кісілердің жастары 18-79 жас арасында, 51-і әйел, 28-і ер адам. Қаза тапқан 19 кісінің үшеуі 30 жастан кіші. 19 өлімнің 14-інде мида, 5-еуінде тамырда қан ұйыған.

MHRA хабарламасынан кейін Вакцина комитеті жастарда байқалған қан ұю оқиғасынан кейін 30 жастан кіші азаматтарға бұдан былай Pfizer немесе Moderna вакциналарының салынатынын хабарлады.

Ұлыбританияда 20 миллионнан астам AstraZeneca вакцинасы салынды.



Ұқсас жаңалықтар