Алжир Франциядан ұрлаған Османлы мұрағатын қайтаруын сұрады

Алжир үкіметі Франция тонаған Осман мұрағатын кері қайтаруын талап етті.

1615702
Алжир Франциядан ұрлаған Османлы мұрағатын қайтаруын сұрады

Алжир президенті Абдулмеджид Теббун Францияға отарлау кезеңінде елден ұрлап әкеткен Осман мұрағатын қайтаруға шақырды.

Ғасырлар бойы Осман билігінде болған Алжир 1830-1962 жылдар аралығында 130 жылға созылған француз оккупациясымен бірге қаралы күндер бастан кешті.

Францияның қорқыту талпыныстарына қарсы шыққан Алжир 8 жылға созылған және 1,5 миллион адам қырылған қиян-кесті соғыстың артынан Араб және Ислам жағрапиясында болашағы үшін ең ауыр шығынға ұшыраған ел болды.

Осы уақытқа дейін Франция Алжирден мемлекет ретінде өзінің отарлық саясаты үшін ресми түрде кешірім сұраған емес. Тарихтарында қара дақ болып саналатын қылмыстарын әлі де мойындамай отыр.

Қазіргі таңда Алжир үкіметі елді оккупация кезінде талан-таражға салған Франциядан тонаған Осман мұрағатын кері қайтаруын талап етуде.

Алжир президенті Абдулмеджид Теббун жергілікті баспасөзге жасаған мәлімдемесінде мұрағаттың ел жадының ажырамас бөлігі екенін айтты.

Теббун «Франция Осман мұрағатынан ұрлаған нәрселердің бәрін бізге қайтаруға тиісті» деді.

Алжир үкіметі 2017 жылы елден ұрланған мұрағаттың 98 пайызының Францияда екенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар