Танзанияның тұңғыш әйел мемлекет басшысы ант берді
Ол ант бергеннен кейін «Ұлт ретінде мықтымыз және лидеріміздің жолын жалғастырамыз» деді.
Танзанияның тұңғыш әйел мемлекет басшысы Самия Сулуху Хасан болды.
Бұрынғы мемлекет басшысы Магуфули 17 наурыз күні қайтыс болғаннан кейін орынбасары Самия Сулуху Хасан ант берді. Мемлекет басшысының өлімінен кейін атазаңға сай міндетті қабылдаған Хасан ел тарихындағы тұңғыш әйел басшы атанды.
Ол ант бергеннен кейін «Ұлт ретінде мықтымыз және лидеріміздің жолын жалғастырамыз» деді.
Хасан елдің қиын кезеңнен өткенін айтып, бірлікке шақырды.
Бұрынғы мемлекет басшысы 25 наурыз күні жерленеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанда туристерге жасалған шабуылды ДАИШ мойнындады
Бамиян провинциясындағы туристік аймақтарға барған бір топ туристерге қарумен шабуыл жасалды.
Ирландия Палестина мемлекетін мойындайтын болды
Саймон Харрис Палестина мемлекетін айдың соңына дейін мойындауға ниетті екендерін айтты.