Ауғанстанда министрлік қызметкерлеріне бомбалы шабуыл

Кабулда Коммуникация министрлігі қызметкерлері мінген көлікке бомбалы шабуыл жасалды.

1601960
Ауғанстанда министрлік қызметкерлеріне бомбалы шабуыл

Ауғанстанның бас қаласы Кабулда Коммуникация министрлігі қызметкерлері мінген көлікке жасалған бомбалы шабуылда 15 адам жарақат алды.

Кабул Полиция дирекциясы мәлімдемешісі Фердоус Фарамарз Кабулдың Дехн-и Баг аймағында Коммуникация министрлігі қызметкерлері мінген көлікті нысанаға алған бомбалы шабуыл жасалғанын білдірді.

Фарамарз шабуылда 15 адамның жарақат алғанын атап көрсетті.

Ел көлемінде соңғы кездері арта бастаған қастандық әрекеттерінің нысанасында журналисттер, активисттер, дін ғұламалары, мемлекеттік қызметкерлер және қауіпсіздік күштері бар.

Ауғанстан үкіметі бұл шабуылдардың Талибан тарапынан жасалғанын мәлімдесе де, Талибан шабуылдармен байланыстары жоқ екенін алға тартуда.



Ұқсас жаңалықтар