Әлемде миллиондаған адам аш

Әлемде 270 миллион адамның аштық дағдарысына дөп келгені білдірілді.

1599664
Әлемде миллиондаған адам аш

БҰҰ Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының (WFP)  директоры Дэвид Бисли 30-дан астам елде 34 миллион кісінің аштықпен бетпе-бет екенін айтты.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қақтығыстар мен азық-түлік қауіпсіздігі тақырыпты жиналысында сөз сөйлеген Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасының (WFP) директоры Дэвид Бисли адамдар жаратқан дағдарыстар себепті бір рет тағы құлдырауға беталғанына және әлемде 270 миллион адамның аштық дағдарысына дөп келгеніне назар аударды.

Конго Демократиялық Республикасында 19.6 миллион адамның ауыр аштыққа ұшырағанын білдірген Дэвид Бисли Ауғанстан, Нигерия, Сирия, Йемен, Судан, Оңтүстік Судан және Сахел аймағында жағдай нашарлағанын хабарлады.

Дэвид Бисли Оңтүстік Суданда аналардың балаларына өлген малдың терісі мен балшық жегізуге мәжбүр қалғанын айтты.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш:

"Адамдар аш қалса, қақтығыс туылады. Қақтығыстар аштық пен жоқшылыққа, аштық пен жоқшылық қақтығыстарға себеп болады" деді.

Бас хатшысы Антониу Гутерреш  жоқшылық пен өлімді тосу үшін 5.5 миллион доллар жәрдем жасауға шақырды. 



Ұқсас жаңалықтар