Дәрігерлер ереуілге шықты

Мадридте шамамен бес мың дәрігерді қамтитын ереуіл басталды.

1598983
Дәрігерлер ереуілге шықты

Испанияның бас қаласы Мадридте қызмет атқаратын науқас қабылдау бөлімінің дәрігерлері қызметкерлер жетіспеушілігі, ковид пандемиясы себебімен асыра шаршау,  төмен жалақы және автономдық әкімшіліктің уәделерін орындамауы себебімен «мерзімсіз ереуілге» шықты.

Мадрид автономды әкімшілігінде қызмет атқаратын шамамен бес мың дәрігерді қамтитын ереуіл басталды.

Мадридтегі дәрігерлер кәсіподағы ереуіл себепті қызметтің жетпіс пайызының кепілге алынғаны, коронавирус вакцинациясына да ереуілдің әсер етпейтінін хабарлады. Ереуілге шыққан дәрігерлер қиын шарттарда жұмыс істегендерін айтып, «Енді шыдайтын жағдай қалмады. Бұлай жалғасатын болса, Мадридте отбасы дәрігерлері мен балалар дәрігерлері қалмайды» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар