Ақылды телефон ұйқыға зиянды

Түнде телефон қолдану ұйықтауды қиындастыратыны, ұйықтау уақытын азайтатыны және күндіз шаршауға себеп болатыны білдірілді.

1594615
Ақылды телефон ұйқыға зиянды

Ақылды телефонға тәуелді болудың ұйықтай алмау, ұйқы уақытының қысқаруы және күндіз әлсіз сезінуге себеп болатыны анықталды.

"Frontiers Psychiatry" атты психиатрия журналында жарияланған зерттеуде 18-30 жас арасындағы мыңнан астам кісінің ақылды телефон қолдану жағдайы зерттелді.

Ақылды телефонға тәуелділікті анықтау үшін 10 сұрақ сұралған кісілердің 40 пайызы телефонға тәуелді екені анықталған зерттеуде телефонды кеш уақытқа дейін қолдану тәуелділік деп есептелді.

Телефонды ұзақ уақыт қолданған кісілердің ұйқы сапасының төмен болатыны анықталған зерттеуде түнде телефон қолдану ұйықтауды қиындастыратыны, ұйықтау уақытын азайтатыны және күндіз шаршауға себеп болатыны білдірілді. 

Ұйықтау алдында төсекте немесе бөлмеде ұялы телефонды сақтамау керектігі, электроникалық жиһаздан шыққан жарықтың ұйқы гормоны болған мелатонинның өресіне әсер жасайтыны жайлы ескерту берілді.



Ұқсас жаңалықтар