Педрасо "Қабылданбайтын адам" деп жарияланды

Венесуэла Еуропа Одағы делегациясының төрайымы Изабель Брильханте Педрасоны "Қабылданбайтын адам" деп жариялады.

1590187
Педрасо  "Қабылданбайтын адам" деп жарияланды

Венесуэла Сыртқы істер министрі Хорхе Арреаза Каракастағы Еуропа Одағы делегациясының төрайымы Изабель Брильханте Педрасоның "Қабылданбайтын адам" деп жарияланғанын және елден кетуі үшін 72 сағат уақыт берілгенін жариялады.

Хорхе Арреаза баспасөз мәслихатында:

"Президент Николас Мадуроның шешімімен Венесуэладағы Еуропа Одағы делегациясының төрайымы Изабель Брильханте Педрасоға Вена келісіміне сай "Қабылданбайтын адам" деп жарияланған баяндаманы ұсындық. Венесуэла территориясынан кетуі үшін 72 сағат уақыт берілді" деп көрсетті.

Хорхе Арреаза аталмыш шешімнің Еуроодақтың венесуэлалық лауазымдыларға жасаған санкция шешіміне орай қабылданғанын білдіріп, Еуроодақ пен АҚШ қазір Венесуэлаға қарсы 55 санкция шешімін атқарғанын айтты.

Еуроодақ комиссиясының мәлімдемешісі Набила Массрали:

"Бұл шешім Венесуэланың халықаралық шетке қағылуының артуына себеп болады" деді. 
 



Ұқсас жаңалықтар