Этна жанартауы от шашты

Жанартаудың от шашуы себепті төңірегіндегі ауылдардың аспанын күл басты.

1586427
Этна жанартауы от шашты

Италияның оңтүстігіндегі Этна жанартауы тағы бір мәрте күшті от ұшқынын шашты.

Сицилия аралында биіктігі 3 мың 326 метр Этна жанартауында қаңтар айынан кейін тұңғыш рет 16 ақпан күні байқалған вулкандық қозғалыс кеше кеште қайта басталды.

Италия баспасөзіндегі хабарларда жанартаудың оңтүстік шығыс жағасында болған жарылыстар себепті 600-700 метрге жеткен от ұшқыны көтерілген. От ұшқыны Катания қаласы мен төңірегінен де байқалған. 

Жанартаудың от шашуы себепті төңірегіндегі ауылдардың аспанын күл басты.

Таудағы вулкандық қозғалыстар азанда біраз бәсеңдегені байқалды.

Жанартаудағы жарылыстар себепті аймақта шағын вулкандық жер сілкінісі де болғаны хабарланды.   



Ұқсас жаңалықтар