Катар НАТО-да мүшелік ашады
Брюссельде жасалған келісіммен Катардың Брюссельдегі НАТО базасында өкілдік ашуына шешім қабылданды.
Катар Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО базасында өкілдік ашады.
Катардың ресми хабар агенттігі QNA-ның хабарына қарағанда Брюссельде жасалған келісіммен Катардың Брюссельдегі НАТО базасында өкілдік ашуына шешім қабылданды.
Катардың НАТО базасы ішінде өкілдік ашуы "Тараптар арасында жүргізілген ұзақ уақыттық және жақсы қарым-қатынастардың нәтижесі" екені білдірілді.
НАТО-мен қарым-қатынастарын 2005 жылы ақпанда Стамбұл Ынтымақтастық талпынысына ресми мүше болу арқылы жетілдіре бастаған Катар 2018 жылы НАТО-мен қауіпсіздік, хабар алу және әскери салаларда келісімдер жасасқан болатын.
Катар Қорғаныс министрі Халид ибн Мұхаммед әл-Аттие 2018 жылы жасаған мәлімдемесінде елінің "Қарулану тұрғысынан аймақтағы ең маңызды елдердің бірі" болғанын білдіріп, нысаналарының "НАТО-ға толық мүше болу" екенін жариялаған.
Ұқсас жаңалықтар
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте 14 адам көз жұмды
Вьетнам астанасы Ханойдағы өртте алғашқы мәліметтер бойынша 14 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алды.
Ибрахим Реиси жерленді
Иран президенті Ибрахим Реиси 23 мамырда кешке президент Мешхедтегі имам Реза кесенесінде жерленді.