БАӘ Израильге елші тағайындады

Мұхаммед Махмуд әл Хаджаның Біріккен Араб Әмірліктерінің Израильдегі өкілетті елшісі болып тағайындалғаны жарияланды.

1583398
БАӘ Израильге елші тағайындады

Біріккен Араб Әмірліктері қыркүйек айында байланысты қалыпқа түсірген Израильге тұңғыш рет өкілетті елші тағайындады. 

Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрлігі Стратегиялық коммуникация директоры Хенд әл-Утейбе Твиттер желісінде жасаған мәлімдемесінде Мұхаммед Махмуд әл Хаджаның Біріккен Араб Әмірліктерінің Израильдегі өкілетті елшісі болып тағайындалғанын хабарлады.

Израиль мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында 2020 жылы 15 қыркүйекте АҚШ-та ұйымдастырылған рәсіммен "Байланыстарды қалыпқа түсіруге" бағытталған келісімге қол қойылған болатын.  

Осы келісімнен кейін Біріккен Араб Әмірліктері үкіметі 24 қаңтарда елінің Израильдегі өкілетті елшілігінің Тель-Авивте салынуына шешім қабылдаған.

Израиль байланыстар қалыпқа түскеннен кейін Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Израиль өкілетті елшілігі үшін Эйтан Наехті уақытша міндетпен Дубаиге атаған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар