Грекия Эгей теңізінде босқындарды қорлауда

Рапортта Эгей теңізінің мигранттар үшін "құқық атқарылмаған жерге" айналғаны атап көрсетілді.

1582349
Грекия Эгей теңізінде босқындарды қорлауда

Германиядағы жәрдем ұйымы Mare Liberum-ның қарауынша Эгей теңізі босқындар үшін құқық іске аспайтын бір жерге айналды.

Mare Liberum-ның рапорты Грекияның босқындарға жасаған залымдығын ортаға шығарды.

Рапортта өткен жылы 9 мың 798 босқын Түркияға кері қайтарылды. 2020 жылы наурыз-желтоқсан арасында күн сайын бір оқиға туылып отырды. 

Ең ауыр кері қайтару оқиғасы мың 814 кісімен маусымда жасалды.

Жәрдем ұйымының рапорты өздері тіркеген санды мәліметтерді, оқиғаны бастан өткізгендердің берген мәліметтерін және Түрік Жағалау қауіпсіздік ұйымының хабарларын негіз еткені білдірілді.

Рапортта Эгей теңізінің мигранттар үшін "құқық атқарылмаған жерге" айналғаны атап көрсетілді.

Рапортта Грекия Көші-қон және баспана министрлігінің "Грек аралдарына келгендердің алдыңғы жылмен салыстырғанда 96 пайыз азайғанын" жариялауы сынға алынды.   

Рапортта мигранттардың қайықтарының күйретілгені, адамдарға күш қолданылғаны жазылды.

Еуропа Шекараны қорғау агенттігі Frontex пен НАТО басқаруындағы кемелердің де оқиғаларға араласқаны білдірілді.

 



Ұқсас жаңалықтар