Әлемде коронавирус

Ұлыбританияда вирус салдарынан соңғы бір күнде 915 адам қайтыс болды.

1577701
Әлемде коронавирус

Коронавирус себебімен қайтыс болғандар саны әлем бойынша екі миллион 294 мың 550-ге жетті.  Вирус жұқтырғандардың саны 105 миллион 422 мың, сауығып кеткендердің саны болса 77 миллион 114 мыңнан асты.

Эпидемия ошағы Америка Құрама Штаттарында коронавирустан қайтыс болғандардың саны 466 мың 988 болды.  Вирус жұқтыру оқиғасы болса 27 миллион 273 мың 890 деп тіркелді.

Ұлыбританияда вирус салдарынан соңғы бір күнде 915 адам қайтыс болды. 20 мың 634 жаңа оқиға тіркелді. Елде өлім-жітім 110 мың 250, инфекция жұқтырғандар саны үш миллион 892 мың 459 болды.

Италияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта 422 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 90 мың 241-ге жетті. Вирус жұқтырған адам саны болса 13 мың 659 артып,  екі миллион 597 мың 446 болды.

Францияда ковид себебімен соңғы 24 сағатта 357 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 77 мың 952 болды.  Бір күнде тіркелген 23 мың 448 жаңа оқиғаны қосқанда елде вирус жұқтырғандар саны үш миллион 274 мың 608-ге жетті. Сонымен қатар елде жүргізілген бір сауалнамаға қарағанда, француздардың 71 пайызы үкімет эпидемияға байланысты «дұрыс уақытта орынды шешім» бермеді деп ойлайды.

Испанияда коронавирустан бір күнде 432 адам қайтыс болды.  осылайша жан шығыны 60 мың 802-ге жетті.  Осы мерзімде 29 мың 960 жаңа оқиға тіркеліп,  инфекция жұқтырғандар саны екі миллион 943 мың 349-ға жетті.

Ковидке байланысты 55 мың 131 өлім, екі миллион 135 мың 412 оқиға тіркелген Колумбия Қытайдың CoronaVac вакцинасының жедел қолданылуына рұқсат берді.

Эпидемияда 41 мың 753 адам қайтыс болып, бір миллион 165 мың 52 адам вирус жұқтырған Перуде үш қалада вирустың Бразилиядағы жаңа штаммы кездесті.



Ұқсас жаңалықтар