Ресейден батысқа Навальный наразылығы

Ресей батыс елдерінен ішкі істеріне араласпауын талап етті.

1576256
Ресейден батысқа Навальный наразылығы

Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова Ресейдің «РБК» телеарнасына жасаған мәлімдемеде батыс елдерінің орыс оппозиция Алексей Навальныйды босату туралы үндеуіне баға бере отырып, шақыруларын бағалады.

Батыс елдері Навальныйға қатысты жасалған шақырулардың бір-бірінен көшіргенін атап айтқан Захарова мұндай мәлімдемелердің шындықтан аулақ екенін алға тартты.

«Егеменді елдің ішкі істеріне араласудың қажеті жоқ» деген Захарова батыс елдеріне көптеген проблемалары бар екенін алға тартып, «баршаға өз проблемасымен шұғылдануын ұсынамыз» деді.

Ресей соты оппозиционер Алексей Навальныйдың 3,5 жылдық кейінге қалдырылған шартты жазасын орындамағаны себепті әдеттегі түрме жазасына ауыстыру туралы шешім қабылдады. Навальныйдың адвокаты Вадим Кобзев бұл үкімге шағымданатындарын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар