Кабулда бомбалы шабуыл

Шабуылда 2 бейбіт адам қаза тапты, 4 адам жарақат алды.

1575864
Кабулда бомбалы шабуыл

Ауғанстанның бас қаласы Кабулда қатарынан жасалған бомбалы шабуылдарда екі бейбіт адам қаза тапты.

Кабул полиция дирекциясы мәлімдемешісі Фердевс Фарамарз Джуй Шир және Селим Керуен аймақтарында бомбалы шабуылдар жасалғанын білдірді.

Фарамарз шабуыл кезінде 2 бейбіт тұрғынның қаза тауып, 4 адамның жарақат алғанын мәлімдеді. Әзірге шабуылдардың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ.

Кабулда кеше болған бомбалы шабуылда тағы екі адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар