ДДСҰ делегациясының карантині аяқталды

Олар Қытайдағы жұмыстарын бастайды.

1573003
ДДСҰ делегациясының карантині аяқталды

Коронавирустың қайдан шыққанын зерттеу үшін Қытайға барған Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының делегациясы карантиннен шықты.

Қытайға барып, 14 күндік карантинге алынған ДДСҰ делегациясы Уханьдағы қонақүйлерінен шығып, автобусқа мініп бара жатқан кезде камераға түсіп қалды.

Делегация коронавирустың қайдан шыққанын тексеру үшін Уханьда жұмыс істейді.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Жао Личиен делегация жөнінде баспасөзге мәлімет берді. Олардың Қытай ғалымдармен бірге жұмыс істейтінін, Қытай ғалымдарының ДДСҰ делегациясына көмектесетінін білдірді.

Америка Құрама Штаттары, Австралия, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Ресей, Нидерланды, Катар және Вьетнамнан маман және зерттермендерден тұратын 13 кісілік делегация карантинде отырған кезде Қытай лауазым иелерімен онлайн жиналыс өткізетіндерін білдірілген еді.



Ұқсас жаңалықтар