Шығыс елдерінде вирустың жағдайы

Оңтүстік Африкада жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 41 мың 797-ге ұласты.

1571832
Шығыс елдерінде вирустың жағдайы

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім екі миллион 169 мың 285-тен асты. Вирус жұқтырғандар саны 100 миллион 907 мың, сауығып кеткендердің саны 72 миллион 948  мыңға жетті.

Үндістанда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан көз жұмған адам саны 153 мың 751-ге жетсе, вирус жұқтырғандар саны 10 миллион 690 мыңға ұласты.  

Ресейде жаңа типті коронавирус індеті салдарынан 71 мың 76 кісі көз жұмды. Елде вирус жұқтырғандар саны 3 миллион 774  мың болып тіркелді.

Иранда  Ковид-19 эпидемиясы салдарынан көз жұмған адам саны 57 мың 560-қа жетті.

Оңтүстік Африкада жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 41 мың 797-ге ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 1 миллион  423  мың 578 болып тіркелді.

Нигерияда  Ковид-19 эпидемиясы салдарынан көз жұмған адам саны 1 мың 507-ге жетсе, вирус жұқтырғандар саны 122 мың 996-ға ұласты.  

Зимбабведе Ковид-19 эпидемиясы салдарынан көз жұмған адам саны 1 мың 75-ке жетсе, вирус жұқтырғандар саны 35 мың 646-ға ұласты.  

Жаңа типті коронавирус індеті салдарынан Сенегалда 592 кісі қайтыс болды. Елде вирус жұқтырғандар саны 25 мың 127 болып тіркелді. 

Индонезияда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан 28 мың 468 кісі қайтыс болды. Елде вирус жұқтырған адам саны 1 миллион 12 мың 350-ден асты. 

Грузияда  Ковид-19 эпидемиясы салдарынан 3 мың 96 кісі қайтыс болды. Елде вирус жұқтырған адам саны 254 мың 822-ден асты. 

Жапонияда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан 5 мың 311 кісі көз жұмды. Елде вирус жұқтырғандар саны 373  мың 43 болып тіркелді.

Ковид-19 эпидемиясы салдарынан Мароккода 8 мың 187, Тунисте 6 мың 370, Алжирде 2 мың  871, Ливанда 2 мың 477, Біріккен Араб Әмірліктерінде 805 және Бахрейнде 370 кісі қайтыс болды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар