Ковид-19 вирусы жануарларға жұғады екен

Ғалымдар: "Инфекцияның таралуын тосу үшін кейбір қолдағы жануарларға вакцина егу қажет болуы мүмкін. Осы мүмкіндікті ескерген жөн" деп хабарлады.

1571553
Ковид-19 вирусы жануарларға жұғады екен

Ұлыбритания мен АҚШ ғалымдары жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің мысық, ит сияқты үй жануарларына да жұғатынын жариялады.

Ұлыбританиядағы East Anglia университеті, Earlham институты және АҚШ-тағы Minnesota университетінің ғалымдары академиялық бір журналда жариялаған мақалада вирустың жануарларда дамуды жалғастырып, одан кейін адамдарға жұғу мүмкіндігінің халықтың денсаулығы тұрғысынан ұзақ уақыттық, алайда маңызды бір қауіп екенін хабарлады.

Ғалымдардың мәлімдемесінде:

"Инфекцияның таралуын тосу үшін кейбір қолдағы жануарларға вакцина егу қажет болуы мүмкін. Осы мүмкіндікті ескерген жөн" деп көрсетілді.

Генетика профессоры Cock van Oosterhout індеттен сақтану үшін кейбір қолдағы жануар түрлері үшін вакцина егудің күн тәртіпке келуі керек екенін айтты.

Өткен жылы Дания үкіметі жүздеген Ковид-19 оқиғасының фермаларда өсірілген күзендерге байланысты бір коронавирус түрінен пайда болғаны анықталғаннан кейін миллиондағы күзен өлтірілген болатын.    



Ұқсас жаңалықтар