Бағдатқа зымыран атылды

Бағдат әуежайына бағытталып үш зымыран атылғаны, өлген және жараланған адам болмағаны хабарланды.

1569586
Бағдатқа зымыран атылды

Иракта Бағдат әуежайына зымыран шабуылы ұйымдастырылды.

Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда кеше түнде жасалған шабуылда Бағдат әуежайына бағытталып үш зымыран атылғаны, өлген және жараланған адам болмағаны хабарланды.

Атылған зымыранның екеуі әуежайдың маңына түскені, үшінші зымыранның Бағдаттың батысындағы Ел-Джихад көшесіндегі бір азаматтың үйіне түскені, үйдің зақымдалғаны білдірілді.

Зымыран шаубылын әлі ешкім  мойнына алған жоқ.   



Ұқсас жаңалықтар