Шығыс елдерінде вирустың жағдайы

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 153 мың 67-ге ұласты.

1568908
Шығыс елдерінде  вирустың жағдайы

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім екі миллион 2 мың  102 мың 276-дан асты. Вирус жұқтырғандар саны 98 миллион 160 мың, сауығып кеткендердің саны 70 миллион 552  мыңға жетті.

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 153 мың 67-ге ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 10 миллион 626  мың 200 болып тіркелді.

Қытайдың Шанхай қаласында екі аурухана жаңа типті коронавирус індеті күдігімен карантинге алынды. Вирус жайлы тексеру жүргізіліп жатыр. Мемлекетте 103 Ковид-19 оқиғасы байқалды. 

Жапонияда ауруханада Ковид-19 емін қабылдамаған және жұмыс мерзімдерін азайтуды мақұлдамаған адам және ұйымдарға ақшалай және түрме жазасы берілетін болды. 

Африка құрлығында Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болған  адам саны 82 мыңнан асса, вирус жұқтырған адам саны 3 миллион 381 мыңнан асты.  

Жаңа типті коронавирус салдарынан Ресейде 68 мың 412, Иранда 57 мың 157, Оңтүстік Африкада 39 мың 501 және Индонезияда 27 мың 453 кісі көз жұмды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар