Барша әлем Джо Байденді құттықтауда

Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Шарль Мишель жариялаған жолдамасында "Тіпті күшті бір Еуропа, тіпті күшті бір АҚШ және тіпті жақсы бір әлем құру" ұсынысын айтты.

1568150
Барша әлем Джо Байденді құттықтауда

Америка Құрама Штаттарында жаңа сайланған Президент Джо Байден мен вице-президент Камала Харристің кеше ант ішіп жұмыстарын бастауынан кейін әлемнің төрт бұрышынан құттықтау жолдамалары келуде. 

Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Шарль Мишель жариялаған жолдамасында "Тіпті күшті бір Еуропа, тіпті күшті бір АҚШ және тіпті жақсы бір әлем құру" ұсынысын айтты. 

Еуропа Одағы Комиссиясы төрайымы Урсула фон дер Ляйен де твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде Джо Байден мен Камала Харристі құттықтап, "Еуропа шыт жаңа бір бастамаға дайын" деді. 

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг болса жасаған жазбаша мәлімдемесінде "Мен одақтастық атынан Джо Байден мен Камала Харристі құттықтаймын. Бүгін одақтас үшін жаңа бір кезеңнің бастамасы" деді. 

Венесуэла Президенті Мадуро Николас та Байденді жаңа міндетімен құттықтап, АҚШ-пен диалог жасауға  дайын екенін айтты. 

Жапония премьер-министрі Суга Есихидэ твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде "Жапония мен АҚШ арасындағы байланыс өте жақсы. Жапония мен АҚШ жиһандық құндылықтарды бөліскен екі одақтас ел" деген сөздер қолданды. 

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф те твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде Вашингтондағы жаңа әкімшілікке Дональд Трамптың саясатын қайталамауы жайлы үндеу тастады. 

 



Ұқсас жаңалықтар