Германиядан Ресейге Навальный наразылығы

Германия Сыртқы істер министрі Мәскеуде тергеуге алынған орыс оппозиционердің дереу босатылуын талап етті.

1565904
Германиядан Ресейге Навальный наразылығы
Dominic Raab.JPG

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас Германиядан оралғанда Ресейдің бас қаласы Мәскеуде тергеуге алынған орыс оппозиционер Алексей Навальныйдың тез арада босатылуы үшін Ресейге шақыру жасады.

Маас орыс оппозиционер Навальныйдың тергеуге алынуы тақырыбында жасаған мәлімдемесінде Мәскеу әкімшілігіне наразылық көрсетті.

Навальныйдың жазылған соң Ресейге оралу үшін орынды бір шешім қабылдағанын атап көрсеткен неміс ішкі істер министрі «Орыс мекемелерінің оны елге кіре салып тұтқындауы толығымен түсініксіз бір жағдай. Ресей өз Атазаңы мен халықаралық жауапкершілігіне сәйкес құқықтың үстемдігі және мәдени құқықтарды қорғауды қамтамасыз ету керек. Әрине бұл ережелер Алексей Навальный үшін де іске қосылу керек. Навальный дереу босатылу керек» деді.

Маас Навальныйдың орыс жерінде ауыр улы шабуылға ұшырағанын атап, Ресейден осы шабуылды толық тергеуін, айыптыларды жауапқа тарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасауын күткендерін баса айтты.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Рааб болса осы тақырыпқа қатысты жазбаша мәлімдемесінде «Ресей билігінің жексұрын қылмыстың құрбаны болған Алексей Навальныйды ұстауы сұмдық. Оны тез арада босату керек» деді.

Ағылшын министр «Ресейдің Навальныйды қудалаудың орнына химиялық қарудың орыс жерінде қалай қолданылып жатқанын түсіндіруге тиісті» екенін мәлімдеді.

Ресейдің Томск қаласынан Мәскеуге ұшақпен бару үшін 2020 жылы 20 тамыз күні рейске отырған Навальный ұшу кезінде науқастанған соң ұшақ Омбыға қонған еді.

Омбыда ауруханаға жеткізілген Навальныйдың ішкен шайына араластырылған улы затпен уланғаны алға тартылған болатын.

44 жасар Навальный 2020 жылы 22 тамыз күні Омбы қаласынан жекеменшік бір ұшақпен Берлиндегі «Charite» атты ауруханаға апарылған еді.

Алексей Навальный жазылған Германиядан елге оралған соң Мәскеудегі Шереметьево әуежайында тергеуге алынды.



Ұқсас жаңалықтар