Израильге визасыз кіретін алғашқы араб елі

Келісім отыз күн ішінде күшіне енеді.

1563589
Израильге визасыз кіретін алғашқы араб елі

Біріккен Араб Әмірліктері азаматтары Израильге визасыз кіретн алғашқы араб елі атанды.

Израиль Сыртқы істер министрлігінің жазбаша хабарламасына қарағанда, БАӘ Сыртқы істер министрлігі виза жеңілдігіне байланысты келісімнің ратификацияланған күйін Израильге тапсырды.

Хабарламада келісімнің 30 күн ішінде күшіне енетіні және Израиль азаматтары визасыз Біріккен Араб Әмірліктеріне бара алатыны білдірілді. Осы келісімге орай Біріккен Араб Әмірліктері азаматтары Израильге визасыз бара алатын алғашқы араб елі атанды.

Израиль 15 қыркүйек күні Америка Құрама Штаттарында Ақ Үйде БАӘ және Бахрейнмен қатынастарды қалыпқа енгізу келісіміне қол қойған болатын. Израиль мен БАӘ 20 қазан күні өзара виза жеңілдігіне байланысты келісімге қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар