Вашингтонда ереуілдер себепті көшеге шығу шектелді
Джо Байденнің президенттігін мақұлдайтын Конгресс отырысы ереуілдер себепті тоқтап қалды.
АҚШ астанасы Вашингтонда болған оқиғалар себепті жергілікті сағат 18.00-ден кейін көшеге шығу шектелді.
Вашингтонда ереуілге шыққан Трампты қолдаушылардың кейбіреулері полиция өткелінен өтіп, Конгресс ғимаратына кірді.
Сол себепті Конгресте Джо Байденнің президент болып сайланғаны мақұлданатын отырыста үзіліс жасалды және отырысты басқарған президенттің орынбасары Майк Пенс ғимарат сыртына шығарылды.
Полиция Конгресс ғимаратына кірген ереуілшілерге көзден жас ағызатын газ шашты.
Президент Дональд Трамп әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемесінде ереуілшілерді "Бейбітшіл болуға" шақырды.
Оқиғаларға орай астана Вашингтонда көшеге шығу шектемесі жарияланды.
Трамп ереуілдер басталмастан бұрын жасаған мәлімдемесінде президенттік сайлауда жеңілгенін қабылдамайтынын және күресті жалғастыратынын айтқан еді.
Дональд Трамп 2020 жылы 3 қарашада өткізілген президенттік сайлаудың нәтижелерін мақұлдау мақсатымен ұйымдастырылған Конгресс отырысы үшін Вашингтонда жиналған қолдаушыларына оқ өтпейтін терезенің ішінен үн қатып:
"Демократтардың сайлауға заңсыздық араластырғаны" пайымдауын қайталады.
Трамп сайлаудың нағыз жеңімпазы өзі екенін алға тартып:
"Жеңілісті әсте қабылдамаймын, бетімнен қайтпаймын" деген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Лондон-Сингапур рейсі турбуленттілікке кіріп, 1 адам қаза тапты
Сингапур әуе жолдары ұшағының Суварнабхуми халықаралық әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.
Лавров Палестина мемлекетін құрудың маңызына тоқталды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанда баспасөз мәслихатын өткізді.