Кейбір шығыс елдеріндегі вирустың жағдайы

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 149 мың 886-ға ұласты.

1557494
Кейбір шығыс елдеріндегі вирустың жағдайы

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 860 мың 840-тан асты. Вирус жұқтырғандар саны 86 миллион 118 мың, сауығып кеткендердің саны 61 миллион 76 мыңға жетті.

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 149 мың 886-ға ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 10 миллион 357 мың 569 болып тіркелді.

Тәжікстанда  Ковид-19 салдарынан  90 кісі көз жұмды.  Елде вирус жұқтырғандар саны 229  мың 763-ке жетті. 

Грузияда  Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 2 мың 628-ге,  вирус жұқтырғандар саны да 229 мың 763-ке көбейді.

Африка құрлығында Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны 68 мың 30-ға көбейді.  Жалпы құрлық бойынша вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 867 мың 78 болып тіркелді. 

Оңтүстік Африкада  жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 30 мың 11-ге ұласты. Мемлекетте  вирус жұқтарған адам саны 1 миллион 113 мың 349-ға жетті.

Мысырда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны 7 мың 863-ке көбейсе, вирус жұқтырғандар саны 143 мың 464-ке ұласты. 

Ливанда  Ковид-19 салдарынан 1 мың 512 кісі көз жұмды. Елде вирус жұқтырғандар саны 192  мың 139 болып тіркелді. 

Жапонияда  жаңа типті коронавирус індеті салдарынан 3 мың 599 адам көз жұмды, вирус жұқтырған адам саны болса 243 мың 847-ге ұласты. 

Оңтүстік Кореяда  Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 7 мыңға , вирус жұқтырғандар саны да 64 мың 979-ға көбейді.

Қытайда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 4 мың 634-ке ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 87 мың 183 болып тіркелді.

Индонезияда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны 22 мың 911-ге көбейсе, вирус жұқтырғандар саны 772 мың 103-ке ұласты. 

 



Ұқсас жаңалықтар