Әлемдегі коронавирустың жағдайы

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 148 мың 475-ке ұласты.

1554453
Әлемдегі коронавирустың жағдайы

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 798 мыңнан асты. Вирус жұқтырғандар саны 82 миллион 394 мың, сауығып кеткендердің саны 58 миллион 402 мыңға жетті.

Үндістанда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 148 мың 475-ке ұласты. Мемлекетте вирус жұқтырған адам саны 10 миллион 245 мың326  болды.

Қытайда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 4 мың 634-ке ұласты. Мемлекетте  вирус жұқтарған адам саны 87 мың 3-ке жетті.

Алжирде Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны 2 мың 745-ке көбейді.  Елде вирус жұқтырғандар саны 98 мың 988 болып тіркелді. Алжир Президенті Абдельмаджид Теббун вирус жұқтырып екі айдан бері Германияда емделіп жатқан еді. Теббун сауығып еліне қайтты. 

Оңтүстік Кореяда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны 879-ға көбейсе, вирус жұқтырғандар саны 59 мың 773 болып тіркелді.

Ковид-19 салдарынан Индонезияда 21 мың 703,  Иракта 12 мың 800 және Пәкістанда 10 мың 47 адам көз жұмды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар