Әлем көлемінде өлім-жітім 1 миллион 796 мың 560-дан асты

Германия соңғы 1 тәулікте ковид-19 салдарынан ең көп өлім тіркелген ел болды.

1554481
Әлем көлемінде өлім-жітім 1 миллион 796 мың 560-дан асты

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 796 мың 560-дан, расталған оқиға саны 82 миллион 328 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 58 миллион 344 мыңға жетті.

346 мың 579-дан астам өлім-жітім, 20 миллионға таяу вирус жұқтырған адам санымен эпидемияның ошағы болған АҚШ-та дүйсенбі күні ковид-19 салдарынан ауруханалардағы науқас саны 121 мың 235 болды. Қазірге дейінгі байқалған ең жоғары көрсеткіш болған бұл санның 22 мың 592-сі реанимацияда жатады. 2 желтоқсан күнінен бері ауруханаларда ем қабылдаған ковид-19 науқас санының болса 100 мыңнан төмен түспегеніне назар аударылды. АҚШ президенті болып сайланған Джо Байден президент Дональд Трампқа вакцина егуге кеңес берді. Сонымен қатар қаржы министрі Стивен Мнучин Ковид-19 эпидемиясы үшін экономикалық қолдау пакетіне енгізілген 600 долларлық ақшалай көмектің АҚШ жергілікті уақытымен сейсенбіге қараған түні төленетінін мәлімдеді.

Эпидемия салдарынан 64 мың 78 адам қайтыс болып, 2 миллион 574 мың 41 адам инфекция жұқтырған Францияда Денсаулық сақтау министрі Оливер Веран күнделікті оқиға санының көтерілмегенін, дегенмен әлі өте жоғары деңгейде екенін атап көсетті. Ғылыми кеңес қаңтар айынан бастап ковид-19 эпидемиясының «күшін одан да жоғалтқан түрімен жаңа бір толқын болуы мүмкін екенін» ескертті.

Ұлыбританияда соңғы 1 тәулікте көз жұмған 414 адамды қосқанда, өлім-жітім 71 мың 567-ге өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны 24 сағатта 53 мың 135-ке көбейіп, 2 миллион 282 мың 865-ке жетті.

Испанияда соңғы 1 тәулікте көз жұмған 320 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны 50 мың 442-ге өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 893 мың 502 болды. Елде коронавирус вакцинасы егілген бір медбикенің вирус жұқтырғаны анықталды. Медбикеге карантин жарияланды.

Германия соңғы 1 тәулікте ковид-19 салдарынан ең көп өлім тіркелген ел болды. 24 сағатта елде 1 мың 129 адам қайтыс болды. Жалпы өлім-жітім осымен 32 мың 107-ге көтерілді. Вирус жұқтырғандар саны болса 22 мың 459-ға көбейіп, 1 миллион 687 мың 185-ке жетті.

Ковид-19-дан 1226 өлім және 158 мың 447 оқиға тіркелген Данияда премьер-министр Метте Фредериксен Ковид-19 шектеулерінің тағы 14 күнге ұзартылғанын мәлімдеді. Бұған қарағанда 2021 жылдың 3 қаңтарында аяқталатын шектеулер 17 қаңтарға дейін жалғасады.

Швецияда соңғы 1 тәулікте көз жұмған 205 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны 8 мың 484-ке өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны 428 мың 533 болды. Елде коронавирус комиссиясының 2 апта бұрын «қоғамдық иммунитеттің сәтсіздігі» туралы жариялаған есебінен кейін үкімет Ковид-19 шараларын күшейту туралы шешім қабылдады. Шара бойынша, Швеция үкіметі 2021 жылдың 10 қаңтарынан бастап сауда орталықтары мен қоғамдық көліктерді жауып, ережелерді сақтамағандарды заңды түрде жазалайды.

Ковид-19 себепті соңғы 24 сағатта Бразилияда 1111, Мексикада 990, Аргентинада 151, Колумбияда 246, Перуде 49 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар