Шығыс елдеріндегі вирустың жағдайы

Үндістанда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны148 мың 190-ға жетті.

1553764
Шығыс елдеріндегі вирустың жағдайы

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 781 мың 790-нан асты. Вирус жұқтырғандар саны 81 миллион 680 мың, сауығып кеткендердің саны 57 миллион 817 мыңға жетті.

Иранда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 54 мың 814-ке ұласты. Мемлекетте вирус жұқтырған адам саны бір миллион 206 болды.

Кувейтте вирустан қайтыс болған адам саны 931-ге көтерілді. Елде вирус жұқтырған адам саны болса 149 мың 653 болды.

Жапонияда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны 3 мың 338-ге көбейді.  Елде вирус жұқтырғандар саны 224 мың 488 болып тіркелді. 

Қытайда жаңа типті коронавирус індеті салдарынан қайтыс болған адам саны 4 мың 434-ке ұласты. Мемлекетті  вирус жұқтарған адам саны 87 мың 3-ке жетті.

Оңтүстік Кореяда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны 859-ға көбейсе, вирус жұқтырғандар саны 58 мың 725 болып тіркелді.

Әзербайжанда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам саны 2 мың 538-ге көбейді.  Елде вирус жұқтырғандар саны 215 мың 483 болып тіркелді. 

Ковид-19 салдарынан Үндістанда 148 мың 190, Ресейде 55 мың 827,  Оңтүстік Африкада 27 мың 71,  Индонезияда 21 мың 452 және Иракта 12 мың 791 адам көз жұмды. 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар