Босқын балаларға шабуылдағысы келді

Балалар тұратын бір лагерьге нәсілшілдер шабуылдады.

1552918
Босқын балаларға шабуылдағысы келді

Грекияда ата-анасыз босқын балалар тұратын бір лагерьге нәсілшілдер шабуылдады.

Грек баспасөзіндегі хабарларға қарағанда,  алдынғы күні түнде қолдарына пышақ, темір және таяқ ұстаған бір топ Солоникис маңындағы бір лагерь алдына жиналды. Олар шіркейдің қамқорлығында жұмыс істейтін лагерьге қарап нәсілшіл ұран тастады.

Артынан балалар тұратын лагерьге кіргісі келген шабуылдаушыларды төңіректегі адамдар мен лагерь қызметкерлері әрең тоқтатты.

Лагерьдің адвокаты Тодорис Караяннис аймақ сотына шағымданатынын білдірді. Осы аймақта 2016 және 2017 жылдары да босқын лагерьлеріне наразылық білдірген топтар нәсілшіл акция жүргізген болатын.
 



Ұқсас жаңалықтар