Канададан палестиналықтарға 90 миллион доллар

Бұл көмек үш жылдық мөлшерді қамтиды.

1549835
Канададан палестиналықтарға 90 миллион доллар

Канада Сирия, Ливан және Иорданияда тұратын палестиналық босқындар мен Газа және Батыс Шериядағы палестиналықтарға 90 миллион доллар көмек береді. Бұл көмек үш жылдық мөлшерді қамтиды.

Канада Халықаралық Даму министрі Карина Гулд «Палестина халқының мұқтаждықтарын қамдау және гуманитарлық көмек беру – Таяу Шығыста бейбітшілік пен молшылыққа баратын жолдың бір бөлшегі. Сондықтан Канада осы халықтың ең кедейі және ең қорғансыздарының мұқтаждықтарын қамдауға ниетті» деді.

Министр осы көмектің  БҰҰ Таяу Шығыстағы Палестина босқындары үшін көмек және еңбек агенттігі арқылы Батыс Шерия, Газа, Сирия, Ливан және Иорданиядағы босқындарға берілетінін айтты.



Ұқсас жаңалықтар