Шығыс елдерінде өлім-жітім артты

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 699 мың 714-ден асты.

1548962
Шығыс елдерінде өлім-жітім артты

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім бір миллион 700 мыңнан асты. Вирус жұқтырғандар саны 77 миллион 190 мың, сауығып кеткендердің саны 54 миллион 106 мыңға жетті.

Үндістанда Ковид-19 салдарынан көз жұмған адам сан 145 мың 843-ке жетті.  Елде вирус жұқтырғандар саны 10 миллион 56 мың 248 болып тіркелді.

Қытайда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтыс болғандар саны 4 мың 634-ке,  вирус жұқтырғандар саны да 86 мың 852-ге ұласты.

Оңтүстік Кореяда эпидемиядан 698 адам қайтыс болды. Мемлекетте вирус жұқтырғандар саны 50 мың 591-ге  жетті.

Сауд Арабиясы кейбір елдерде Ковид-19 эпидемиясының тез таралуы салдарынан бір апталық мерзіммен барлық халықаралық рейстерін тоқтатқанын хабарлады. 

Африка құрлығында вирус салдарынан қайтыс болған адам саны 59 мың 195-ке көтерілді. Құрлықта вирус жұқтырған адам саны да 2 миллион 523 мың 478 болды.

Оңтүстік Африкада вирустан көз жұмған адам саны 24 мың 691-ге көтерілді. 

Ковид-19 эпидемиясынан Мысырда 7 мың 98, Мароккода болса 6 мың 957 адам қайтыс болды.

Гана Президенті Нана Акуфо-Аддо мемлекетте артқан Ковид-19 эпидемиясы салдарынан қайтадан шектемелер жасайтынын білдірді. 

Ковид-19 эпидемиясынан Иранда 53 мың 625, Ресейде 50 мың 858, Индунезияда 19 мың 880 және Иракта 12  мың 697 адам көз жұмды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар