Джо Байден ресми түрде АҚШ-тың президенті болып сайланды

Сайлаушылар алқасы Джо Бпйденді 46-шы президенті ретінде ресми түрде бекітті.

1545786
Джо Байден ресми түрде АҚШ-тың президенті болып сайланды

Америка Құрама Штаттарында 538 делегаттан құралған Сайлаушылар алқасы Джо Бпйденді 46-шы президенті ретінде ресми түрде бекітті. 

АҚШ-та Сайлаушылар алқасында орын алған алғашқы түрік делегат Дерия Ташкын да дауыс берді. 

Байден президенттің ресми түрде бекітілуінен кейін Уилмингтонда жасаған мәлімдемесінде "Тарих бойынша істегеніміз сияқты жаңа бір парақ ашу, бірлесу, жақсару кезеңі келді" деді. 

Өзіне дауыс берген және бермеген барлық америкалықтардың президенті болатынына уәде берген Джо Байден АҚШ демократиясының АҚШ Президенті Дональд Трамптың шабуылына қарамастан жеңіске қол жеткізгенін атап өтті. 

Байден "АҚШ-та саясатшылар бақылауды қолға ала алмайды. Халық оларға билік береді" деді. 

АҚШ халқын береке-бірлік және селбесуге шақырған Байдден алдында жаңа типті коронавирус індетімен күресу және экономикалық жәрдем беру сынды жедел міндеттерінің болғанын айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар