Дубай-Стамбул рейстері қайтадан басталады

«Flydubai» әуекомпаниясы Дубай-Стамбул рейстерінің басталатынын жариялады.

1545174
Дубай-Стамбул рейстері қайтадан басталады

Жаңа типтегі коронавирус (Ковид-19) эпидемиясы себепті 9 айлығына тоқтап қалған Дубай-Стамбул рейстері қайтадан басталады.

Орталығы Дубайдағы «Flydubai» әуекомпаниясы Дубай-Стамбул рейстерінің Сабиха Гөкчен халықаралық әуежайынан 17 желтоқсан күні қайтадан басталатынын жариялады.

Мәлімдемеде билет сату жұмыстарының басталғаны атап көрсетілді.

«Flydubai» әуекомпаниясы ковид-19 шаралары аясында Стамбул рейстерін 2020 жылы 17 наурыз күні тоқтатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар