Боко Харам террор ұйымына операция

Эненче операцияда ұйымның лагерьлерінің жойылғанын, көптеген террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады.

1538697
Боко Харам террор ұйымына операция

Нигерияның солтүстік шығысындағы террор ұйымы Боко Харамға қарсы ұйымдастырылған операцияда ұйымның лагері бомбаланды. Бомбалауда көптеген террорист залалсыздандырылды. 

Нигерия Қорғаныс министрлігі мәлімдемешісі Джон Эненче баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Борно уәлаятының Забармани аймағында апта аяғында жасалған қарулы шабуылдан кейін армияның Самбиса орманында террористтерге қарсы әуе операциясы ұйымдастырғанын білдірді.

Эненче операцияда ұйымның лагерьлерінің жойылғанын, көптеген террористтің залалсыздандырылғанын хабарлады. 

Боко Харам террор ұйымы сенбі күні Борно уәлаятына қарасты Забармани аймағына шабуыл жасады. Бұл шабуылда ұйым 79 адамды өлтірген және көптеген әйелді алып қашқан. 

Нигерияда  2000 жылдары басында пайда болған Боко Харамның  2009 жылынан осы таңға дейін ұйымдастырған шабуылдарда 20 мыннан астам қаза тапты.

 



Ұқсас жаңалықтар