АҚШ-та вирустан 276 мың 979 адам көз жұмды

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім 1 миллион 487 мыңнан асты.

1537999
АҚШ-та вирустан 276 мың 979 адам көз жұмды

Әлем көлемінде коронавирус салдарынан өлім-жітім 1 миллион 487 мыңнан асты. Вирус жұқтырғандар саны 64 миллион 208 мың, сауығып кеткендердің саны 44 миллион 457 мыңға жетті.

Америка Құрама Штаттарында Ковид-19 эпидемиясынан қайтыс болғандар саны 276 мың 979-ға өсті. Елде вирус жұқтырғандар саны 14 миллион 108 мың 606 болып тіркелді.

Ұлыбританияда Ковид-19 салдарынан соңғы 24 сағатта көз жұмған 603 адамды қосқанда, өлім-жітім 59 мың 51-ге жетті. Вирус жұқтырғандар саны да 13 мың 430-ға көбейіп, 1 миллион 643 мың  86 болды.

Италияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта 758 адам қайтыс болды. Осылайша Италияда көз жұмған адам саны саны 56 мың 361-ге ұласты. Елде вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 620 мың 901-ге ұласты.

Францияда Ковид-19 эпидемиясы салдарынан соңғы 1 тәулікте 365 адам көз жұмды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 53 мың 506-ға өсті. 1 күнде инфекция жұққан 8 мың 83 адамды қосқанда, вирус жұқтырғандар саны 2 миллион 230 мың 571-ге  жетті.

Испанияда эпидемия салдарынан соңғы бір күнде  442 адам қайтыс болды. Осылайша елде көз жұмған адам саны саны 45 мың 511-ге көтерілді.  Испанияда вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 656 мың 444-ке жетті.

Португалия Денсаулық сақтау министрлігі  Ковид-19 эпидемиясы салдарынан соңғы 24 сағатта 72 адамның қайтыс болғанын және 2 мың 401 жаңа оқиғаның тіркелгенін хабарлады. Мемлекетте қайтыс болған адам саны  4 мың  577-ге және вирус жұқтарған адам саны да 300 мың  462-ге көтерілді. 

Швейцарияның орталығы Женевада болған азаматтық ұйымы «Press Emblem Campaign» наурыз айынан осы таңға дейін 56 елде мөлшермен 500 журналистің жаңа типті коронавирус салдарынан қайтыс болғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар