235 миллион адам көмекке зәру болады

БҰҰ 2021 жыл үшін жаһандық гуманитарлық көмек жоспарын жариялады.

1537640
235 миллион адам көмекке зәру болады

БҰҰ коронавирус эпидемиясының әсерімен 2021 жылы әлем бойынша 235 миллион адамның гуманитарлық көмек және қорғанысқа мұқтаж болатынын білдірді.

БҰҰ 2021 жыл үшін жаһандық гуманитарлық көмек жоспарын жариялады.

БҰҰ Гуманитарлық жұмыстар координация кеңсесі хабарлама жариялап: «Ковид-19 шокы әлем көлемінде гуманитарлық көмекке зәру кісі санын рекорд деңгейге арттырды және осы сала өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 40 пайыз артты» деді.

Эпидемияның да әсерімен 2021 жылы әлем бойынша 235 миллион адамның гуманитарлық көмекке мұқтаж болатыны айтылған хабарламада былай делінді: «2021 жылы гуманитарлық көмекке мұқтаж болатын барша бір елде өмір сүретін болғанда, бұл ел 235 миллиондық тұрғын санымен әлемнің үлкендігі жағынан бесінші елі болар еді. Біріккен Ұлттар Ұйымы мен серіктері аштық, қақтығыс,  елінен көшу, климат өзгерісі және коронавирус әсерімен бетпе-бет қалған ең қорғансыз 160 миллион адамға көмектесуді мақсат етіп отыр»

Хабарламаға қарағанда,  асыра кедейлік соңғы 22 жылда бірінші рет артты. Алдағы уақытта бірден көп тапшылық болады. Сондықтан жедел көмекке зәру кісілер үшін келесі жылы 35 миллиард долларлық ақша керектігі айтылды.



Ұқсас жаңалықтар