Мадуро баршаға өз телефон нөмірін берді

Ол өзін әлеуметтік желілердегі группаларға қосуын сұрады.

1536949
Мадуро баршаға өз телефон нөмірін берді

Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуро Twitter есебінен хабарлама жариялап, «Мені группаларыңызға алыңдар» деді. Өзінің телефонының нөмірін жазды.

Мадуро видеода «Венесуэла, 04262168871 нөмірімен  WhatsApp және Telegram-дағы пікір таластарға қатысамын. Мені группаларыңызға қосыңдар және Венесуэла шындығы үшін бірге күреселік» деді.

Мадуро Telegram желісінен осы видеоны жариялады. Ол «Азаматтар мені мыңдаған группаға қосты» деді.



Ұқсас жаңалықтар