Бағдатқа зымыран шабуылдары жасалды

Бағдатта жасалған зымыран шабуылында 1 бала қаза тапты, 5 адам жарақат алды.

1529652
Бағдатқа зымыран шабуылдары жасалды

Ирактың бас қаласы Бағдатта жасалған зымыран шабуылында 1 бала қаза тапты, 5 адам жарақат алды.

Ирак үкіметіне қарасты Қауіпсіздік медиа желісі жасаған мәлімдемеде Бағдатқа жасалған зымыран шабуылының төртеуінің Жасыл аймақ, екеуінің Қалалық аурухана мен Зевра паркі маңына құлағаны және 1 зымыранның да көгілдір аспанда жарылғаны атап көрсетілді.

Шабуылда 1 баланың қаза тапқаны, 5 бейбіт тұрғынның жарақат алғаны білдірілді.

Бағдатта Жасыл аймақта АҚШ Өкілетті елшілігі мен басқа да шетелдік өкілеттіктер мен үкіметке тиесілі ғимараттар бар.



Ұқсас жаңалықтар