2021 жыл-"Халықаралық Денсаулық сақтау қызметкерлері жылы"

Түркияның бастамасымен 2021 жыл Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы тарапынан "Халықаралық Денсаулық сақтау қызметкерлері жылы" деп жарияланды.

1526163
2021 жыл-"Халықаралық Денсаулық сақтау қызметкерлері жылы"

Түркия 2021 жылдың Халықаралық Денсаулық сақтау қызметкерлері жылы жариялануы шешімінің денсаулық сақтау қызметкерлеріне ортақ ризашылық пен борыштылық сезімдерінің халықаралық саладағы бейнесі болғанын білдірді.

Сыртқы істер министрлігі жариялаған мәлімдемеде Түркия бастамашы болған халықаралық талпыныстар арқылы 2021 жылдың Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы тарапынан Халықаралық Денсаулық сақтау қызметкерлері жылы деп жарияланғаны ескертілді.

Мәлімдемеде:

"Аталмыш шешім  жаңа типті коронавирус індетіне қарсы жүргізілген ауыр күресте алдыңғы қатарда міндет атқарған жанқияр денсаулық сақтау қызметкерлеріне ортақ ризашылық пен борыштылық сезімдерінің халықаралық саладағы бейнесі" деп көрсетілді.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожаның ұсынысын қабылдап,  2021 жылды бүкіл әлемде Халықаралық Денсаулық сақтау қызметкерлері жылы деп жариялады.    



Ұқсас жаңалықтар