Нигерияда "Сырлы аурудан" 30 адам қайтыс болды

Нигерияда 5 айдың алдында "Сырлы ауру" себепті 1000 адам қайтыс болған еді.

1522691
Нигерияда "Сырлы аурудан" 30 адам қайтыс болды

Нигерияның Дельта уәлаятында бір апта ішінде "Сырлы ауру" себепті 30 кісі қайтыс болды.

Мемлекеттік хабарларға қарағанда уәлаяттың Ute Okpu және Idumusa аймақтарында әлі анықталмаған ауру себепті бір аптада 30 кісі көз жұмған.

Уәлаят басшылары қайтыс болған адамдардың 18-25 жас арасындағы жастар екенін және жағдайдан алаңдап отырғандарын хабарлады.

Лауазымдылар адамдардың өліміне байланысты зерттеулер жалғасып жатқанын, қайтыс болған адамдарда қан құсу, әлсіздік, дененің және бастың ауруы сияқты белгілер байқалғанын жеткізді. 

Нигерияда 5 айдың алдында "Сырлы ауру" себепті 1000 адам қайтыс болған еді.   



Ұқсас жаңалықтар