АҚШ-та сайлау нәтижесі әлі шықпады

Джо Байден алда келеді.

1522794
АҚШ-та сайлау нәтижесі әлі шықпады

Америка Құрама Штаттарында 59-шы президенттік сайлау нәтижесі әлі шықпады.

Дауыс санауда заңсыздық болғаны айыптауымен штат соттарына өтініш берген республикашылардың арыздары қабылданбады.
Әрі Мичиган,  әрі Джорджия штаттатында сотқа өтініш берген президент Дональд Трамптың заңгерлерінің талпынысы босқа кетті.
Екі штатта да «сайлауда заңсыздық болғаны туралы» айыптауларға айғақтардың жетіспейтіндігі айтылды.
270 делегат жинайтын кандидат президент болатын Америка Құрама Штаттарында әлі Пенсильвания, Джорджия,  Солтүстік Каролина,  Аризона, Невада және Аляскадағы дауыс санау істері жалғасуда.
Демократтардың кандидаты Джо Байден Трамп алдында 264-ке 214 делегатпен алда келеді.



Ұқсас жаңалықтар