АҚШ Климат келісімінен шегінді

Дэвид Васкоу: "Париж Климат келісімінен шегіну жоғары қарай жүріп бара жатқан баспалдақтан төмен түсуге талпынуға ұқсайды" деді.

1521965
АҚШ Климат келісімінен шегінді

АҚШ Париж Климат келісімінен ресми шегінді.

BBC-дің хабарына қарағанда АҚШ президенті Дональд Трамп алғаш рет 2017 жылы хабарлаған Париж Климат келісімінен шегіну шешімі 4 қарашада ресми атқарылды. Осылайша АҚШ Париж Климат келісімінен шегінген тұңғыш ел болды.

Париж Климат келісімінен шығу елде Демократтар мен қоршаған ортаны қорғаушылар тарапынан сынға алынды. Республикашылар шешімді қолдады.

Дүниежүзілік Байлықтар институты Халықаралық Климат ұйымының  директоры Дэвид Васкоу:

"Париж Климат келісімінен шегіну жоғары қарай жүріп бара жатқан баспалдақтан төмен түсуге талпынуға ұқсайды" деді.

АҚШ-та 59-шы кезекті президенттік сайлауда Демократтар үміткері Джо Байден  сайлауды жеңіп алса, Париж Климат келісіміне қайта кіруге уәде берген.

Келісімнің "Климат өзгерістерімен күресті емес, АҚШ-қа қарсы экономикалық өзгешелікке жетуді мақсат еткенін" айтқан Дональд Трамп мұның АҚШ экономикасына 3 триллион доллар және 6.5 миллион жұмысшы шығынына себеп болатынын алға тартты.

Парижде 2015 жылы желтоқсанда өткізілген 21-ші БҰҰ Париж Климат өзгерістері тараптар конференциясында (COP21)  мақұлданған Париж Климат келісіміне 2016 жылы сәуірде 190-нан астам ел қол қойған болатын.

Келісімнің басты мақсаты жаһандық орташа ыстықтың арту мөлшерін ғасырдың соңына дейін 1.5 немесе 2 градус арасында шектеу деп белгіленген.    



Ұқсас жаңалықтар