БҰҰ 520 миллион шприц жинайды

Қолданылған инжекторлардың қауіпсіз тасымалына керекті 5 миллион қалдық құтысы да дайындалады.

1512068
БҰҰ 520 миллион шприц жинайды

БҰҰ Балаларға жәрдем қоры ЮНИСЕФ жаңа типті коронавирус (Covid-19) індеті вакцинасы үшін 520 миллион шприц жиналатынын хабарлады.

ЮНИСЕФ ұйымынан жасалған мәлімдемеде ұйымның коронавирус індеті вакцинасының жылдам, сенімді және өнімді таратылуы үшін қажетті дайындықтарды жасай бастағаны білдірілді.

Ковид-19 вакцинасы қолдануға дайын болғаннан кейін миллиондаған доза вакцина үшін оны егетін шприц қажет болатыны хабарланған мәлімдемеде ЮНИСЕФ 2021 жылға дейін 520 миллион шприц жинайтыны және қолданылған инжекторлардың қауіпсіз тасымалына керекті 5 миллион қалдық құтысын дайындайтыны да жарияланды. 



Ұқсас жаңалықтар