АҚШ пен Франция Жерорта теңізінде жаттығу өткізуде

АҚШ пен Франция теңіз күштері кемелері Жерорта теңізінде ортақ жаттығу өткізуде.

1509177
АҚШ пен Франция Жерорта теңізінде жаттығу өткізуде

АҚШ теңіз күштері "USS Roosevelt" жойғыш кемесі мен Франция теңіз күштеріне қарасты "FS La Fayette" ферегаты Шығыс Жерорта теңізінде ортақ жаттығу өткізуде. 

АҚШ Теңіз күштерінен жасалған мәлімдемеде "Arleigh Burke" типті "USS Roosevelt" жойғыш кемесі мен Франция теңіз күштеріне қарасты "FS La Fayette" ферегатының Шығыс Жерорта теңізінде ортақ операция және жаттығу қабілетімен бірге байланыс жасау, коммуникация, тактикалық жақтан ортақ шешім қабылдау күші тақырыбында жаттығу жасағаны білдірілді.

Мәлімдемеде:

"АҚШ Теңіз күштеріне қарасты кемелер тәртіпті түрде НАТО одақтастары және ортақ күштермен ынтымақтастықты бекемдеу, аймақтың теңіз қауіпсіздігін күшейту үшін ортақ білім беру операцияларын жасауда" деп көрсетілді.  
 



Ұқсас жаңалықтар