J&J компаниясы вакцина сынақтарын уақытша тоқтатты

Вакцина сынағына қатысқандардың бірінде «себебі айтылмаған» бір аурудың анықталғанын білдірді.

1508073
J&J компаниясы вакцина сынақтарын уақытша тоқтатты

Косметика және гигиеналық өнімдермен қоса медициналық материал және дәрі өндіретін Johnson and Johnson (J&J) компаниясы бір қатысушының науқастануына орай коронавирус вакцинасы жұмыстарын уақытша тоқтатты.

Америка Құрама Штаттарындағы компания хабарлама жариялап,  вакцина сынағына қатысқандардың бірінде «себебі айтылмаған» бір аурудың анықталғанын білдірді.

Осы аурудың коронавирусқа қарсы вакцинаға қатысы болып болмағанын анықтау үшін үшінші саты клиникалық сынақтың тоқтатылғаны білдірілді. Дәрігерлер енді осы аурудың себебін анықтауға тырысады. Науқастың жағдайы және ауруға байланысты симптомдар жайлы мәлімет берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар