Эмомали  Рахмон 5-ші рет Президент болып сайланды

Тәжікстан Республикасында кеше Президент сайлауы болып өтті.

1507070
Эмомали  Рахмон 5-ші рет Президент болып сайланды

Тәжікстанда кеше Президент сайлауы болып өтті. 

Тажікстан Республикасында кеше өткізілген Президент сайлауында Эмомали  Рахмон дауыстың 90,92 пайызын алып, 5-ші рет Президент болып сайланды. 

Сайлауда билік басындағы Халықтық Демократиялық партиясы төрағасы Эмомали  Рахмон, Аграрлық партиясы лидері Рустам Латифзаде, Социалистік партиясы лидері Абдухалим Гаффарзаде, Экономикалық реформалар партиясы лидері Рустам Рахматзаде және Коммунистік партиясы лидері Мирадж Абдуллоев бәсекеге түсті. 
Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдум орталық комиссиясының (СРОК) мәліметі бойынша,ел аумағында орналасқан сайлау учаскелері 11 қазан күні жергілікті уақыт бойынша 20:00-де жабылды. Тәжікстандағы 68 сайлау аймағында 3 мың 375 сандық құрылды. Шетелдегі тәжік азаматтары үшін Түркия орын алған елдердегі дипломатиялық өкілдіктерде 39 сандық құрылды. 

Тәжікстан Республикасының Сайлау және референдум орталық комиссиясы төрағасы Бахтияр Худоерзаде 11 қазан күні жергілікті уақыт бойынша 15.00-ден бастап жалпы сайлаушы санының  70,71 пайызын иелеген  3 миллион 495 мың 215 сайлаушының дауыс бергенін білдіріп, сайлау заңына сай бұл деңгейдің сайлау өткізілуі үшін жеткілікті екенін білдірді. Бұл дауыстың 50 пайызынан көп алғаны президент болады. 

Бахтиер Худоерзаденің айтуынша, Эмомали Рахмон 90,92% дауыс жинап, Тәжікстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Тжікстанда президент 7 жылдық мерзіммен сайланады. Елде ең соң 2013 жылы 6 қарашада өткізілген және 6 үміткер қатысқан сайлауды дауыстың 83,92 пайызын алған Эмомали  Рахмон төртінші рет жеңіп алған еді. 



Ұқсас жаңалықтар