АҚШ Иранның 18 банкіне санкция салады

Мнучин "Санкция бағдарламамыз Иран террорист әрекеттеріне қолдауын тоқтатқанға және атомдық жоспарларды доғарғанға дейін жалғасады" деген сөздер қолданды.

1505884
АҚШ Иранның 18 банкіне санкция салады

Америка Құрама Штаттары Иранның 18 банкіне санкция салу шешімін жасады. 

АҚШ қаржы министрлігінен жасалған мәлімдемеде Шетелдік байлықтарды бақылау офисінің Иранның  18 банкін санкция қолдану тізіміне алғаны білдірілді. 

Мәлімдемеде АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучиннің айтқан сөздеріне орын берілді. 

Мнучин "Санкция бағдарламамыз Иран террорист әрекеттеріне қолдауын тоқтатқанға және атомдық жоспарларды доғарғанға дейін жалғасады" деген сөздер қолданды. 

Иран сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф болса твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде АҚШ әкімшілігінің Иран банктерін нысанаға алған санкция шешіміне наразылық көрсетті. 

АҚШ-тың санкция шешімінің банктердің Иранның азық-түлік және дәрі-дәрмек саудасы үшін жасалғанын түсіндірген Зариф "АҚШ жаңа коронавирус індетінің ортасында азық-түлік және дәрі-дәрмек төлемдері үшін қолданылған каналдарды тоқтатқысы келуде. Ирандықтар бұл зұлматтан да құтылады" деді. 

 


Этикеттер: #қаржы , #АҚШ , #санкция , #Иран

Ұқсас жаңалықтар