Украинадағы ұшақ ақау себепті құлаған

Олег Уруский Харковта құлаған әскери ұшақтың апат себебі техникалық ақау екенін хабарлады.

1504855
Украинадағы ұшақ ақау себепті құлаған

Украина премьер-министрі Олег Уруский Харков қаласында 25 қыркүйекте құлаған әскери ұшақтың апат себебі техникалық ақау және ұшу организациясындағы кемшіліктер екенін хабарлады.

Олег Уруский  әлеуметтік желіден жариялаған мәлімдемесінде авиация, ұшу және техникалық жақтағы 3 астыңғы комиссияның өкілдері апатқа байланысты өзіне мәлімет бергенін білдірді.

Дәлелдерге негізделгенде апатқа сол жақ моторда және ұшақ қысым жабдығындағы ақаудың себеп болғанын айтқан Уруский ұшудың іске асуы мен организациясында қайшылықтар да анықталғанын жеткізді.

Уруский Мемлекеттік зерттеу комиссиясының жұмыстарды жалғастырып жатқанын білдірді. 

Украинаның Харков қаласында 25 қыркүйекте AN-26 типті әскери ұшақтың құлауы салдарынан 26 кісі қаза тапқан, бір кісі жараланған болатын.

Жаттығу үшін ұшқан ұшақта экипаж және Харков Әуе күштері университетінің түлектері бар екені хабарланған. 



Ұқсас жаңалықтар